Сенбі, 23 Қараша 2024
1222 0 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 10:53

Қостанай: Балаларға арналған жедел штаб жұмыс істейді

Қостанай облысында жедел штабта зардап шеккен елді мекендердің балаларына қолдау көрсететін мамандар жұмыс істейді.

Өңірге Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев пен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев аттанды.

Мектептерде эвакуациялық орталықтар ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар жылы киіммен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

«Жағдай тұрақталғанша облыста 3 мыңнан астам оқушы қашықтан білім алады. Бұл үшін штаб қызметкерлері білім басқармасының өкілдерімен бірге барлық тиісті жағдайды жасайды. Көмекке мұқтаж балалар мектепте, олар қауіпсіз жерде, денсаулықтарына да ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға балаларын білім алуына және тұруына жағдай жасалған «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Бұл тәжірибе бұрын болған төтенше жағдайлар кезінде қолданылған.

Балаларға жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Оқу-ағарту министрлігі тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефондарын іске қосты: «Bala qorgau» телеграм-чаты 87761707383, +7 777 183 6567, +77013786629.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371