Сенбі, 23 Қараша 2024
1453 0 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 11:04

Өзбекстан: Ресейге салынған санкцияларды сақтаймыз

Өзбекстан билігі Ресейге қарсы санкцияларды сақтауға ниетті және санкцияларды айналып өтетін елге айналғысы келмейді. Осылай деп АҚШ-тың Ташкенттегі елшісі Дэниел Розенблюм мәлімдеді. Оның сөзінше, өзбек үкіметі санкцияларға қатысты Америкадан кеңес алған. Бұл жөнінде Газета.уз басылымы жазды. 

Қыркүйек айының басында АҚШ қаржы министрлігі Ресей мен Беларусь санкциялардан айналып өтіп, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан елдері арқылы тауарларын басқа мемлекеттерге жеткізіп жатуы мүмкін деп мәлімдеген.

Ташкенттегі Америка елшісі Дэниел Розенблюм Alter Ego жобасына берген сұқбатында аталған тізімде Ресеймен іскер қарым-қатынастағы барлық елдер бар деді.

"Бұл айыптау немесе дәлелдеу емес. Тек қауіп екенін ескерттік", - дейді елші.

Елшінің айтуынша, Өзбекстан үкіметі компаниялары екінші рет санкцияға түспеу үшін, Ресейге қарсы салынған барлық тыйымдарды сақтаймыз деген ойын ашық айтқан.

Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді де еліміз Ресейге қарсы санкциялардан айналып өтуші ретінде қолданылмауы керек дегенді айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369