Тоқаев отқа оранған Қостанай облысына келді
Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады”, - делінген Ақорда таратқан мәліметте.
5 қыркүйек күні сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1841 адам: Озерное ауылынан – 250 адам, Аманқарағай ауылынан – 1000 адам, Калинино ауылынан – 228 адам, Лесное ауылынан – 363 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Abai.kz