Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1354 0 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 12:24

Ресейдің Кабулдағы елшілігінде жарылыс болды

Ресейдің Ауғанстан астанасы Кабулдағы елшілігі маңында дүйсенбі күні жарылыс болды. Расталмаған мәлімет бойынша, бірнеше адам мерт болған. Ресей дипломаттары да зардап шегуі мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылысты жанкешті жүзеге асырған. Ауғанстанда билік басында отырған "Талибан" қозғалысы өкілінің агенттікке берген мәліметінше, елшіліктегі ауған қарулы күзеті шабуылдаушыға оқ атқан.

РИА Новости агенттігі жарылыс кезекте тұрған адамдарға ресейлік дипломат тізім алып шыққан уақытта болғанын дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады. Жиырма шақты адам зардап шеккені мәлім. Жергілікті журналистердің мәліметінше, олардың арасында дипломаттар да болуы мүмкін.

Ресей елшілігі әзірге ешқандай ресми мәлімет таратпады.

Ресей, әлемнің басқа да елдері секілді, Ауғанстандағы тәліптер үкіметін мойындамады, алайда оның Кабулдағы елшілігі жұмыс істеп тұр.

Abai.kz

0 пікір