Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1855 0 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 12:25

ХАМАС Израиль тыңшыларын өлім жазасына кесті

Палестинаның Газа аймағына бақылау орнатқан ХАМАС 4 қыркүйекте өлім жазасына кесілген бес адамды өлтіргенін хабарлады. Олардың екеуі Израиль тыңшысы болды деп айыпталған.

Палестина аумағында 2017 жылы алғаш рет өлім жазасы орындалды. Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар ХАМАС-ты айыптап, өлім жазасын доғаруды талап етті.

ХАМАС өлім жазасына кесілген адамдардың аты-жөнін атамады. Олардың үшеуі кісі өлтіру қылмысы үшін сотталған. ХАМАС өлім жазасы орындалғанын Израиль билігіне ресми түрде хабарлады. Израиль үкіметі ұйым мәліметіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас өлім жазасына кесілгендерге рақымшылық беру құзыретіне ие. Алайда ол ХАМАС бақылауындағы Газа секторында жарлықтарын орындата алмай отыр.

Abai.kz

0 пікір