Дүйсенбі күні партия мүшелері жаңа лидерге дауыс берді. Лиз Трассы қолдап, 80 мың партия мүшесінің 57 проценті дауыс берген. Ал Сунаканы 60 мың консерватор қолдап дауыс берген.
Өзінің үгіт-насихат жұмысында Трасс Британиядағы энергетикалық дағдарысты шешуге уәде берді. Ол сонымен бірге Украинаны қолдауды жалғастырып, Ресейдің қазіргі саясатына қарсы тұратынын жеткізді.
Борис Джонсон 2019 жылы Тереза Мэй премьер-министр қызметінен кеткеннен кейін Консервативті партиясын басқарып, парламент сайлауында жеңіске жеткен.
Лиз Трасстың жасы 47-де. Жас кезінде Либерал-демократиялық партияның мүшесі болған. Бірақ кейін консерваторларға қосылды. Ол Джеймс Кэмерон мен Тереза Мэй үкіметі кезінде министр болған, 2021 жылдан бері Ұлыбританияның сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған. Ол Ұлыбритания тарихындағы үшінші әйел премьер-министр болмақ.
Abai.kz