Бейсенбі, 10 Қазан 2024
1770 12 пікір 6 Қыркүйек, 2022 сағат 13:04

Путин: Қазақстанда жолбарыстар пайда болмақ

Қазақстан Ресейдің тәжірибесіне сүйене отырып 2025 жылы жолбарыстарды Орталық Азияға бейімдеуді бастайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Дүйсенбіде ДЭФ аясында жолбарыстарды сақтау жөніндегі халықаралық форум Путиннің бейнеқұттықтауымен ашылды.

"Орталық Азияға жолбарыстарды қайтарумен айналысатын қазақстандық серіктестер бағдарламасында біздің тәжірибеміздің сұранысқа ие болғаны қуантады. Ресейлік мамандар 2025 жылы онда алғашқы жолбарыстар пайда болуы мүмкін дегенді айтуда. Бұл бастама өте маңызды", - деді Путин.

Abai.kz

12 пікір