Мирзиеев Қазақстанға көмек ұсынды
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Мирзиеев Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Қазақстан басшысының әрекеттерін қолдайтынын, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Екі ел президенттері өзбек-қазақ арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарын нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитінің күн тәртібі талқыланды.
Abai.kz