Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1256 2 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 13:14

Зеленский: Ресеймен келіссөз болмайды

Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын емес. Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы келісім Ресей Украина территориясын босатқаннан кейін жасалуы мүмкін.

"Бүгін мен бұл сұраққа жоқ деп жауап беремін. Мен Ресей тарапынан сындарлы диалог орнатуға деген құлшынысын байқап тұрған жоқпын. Бұл менің ұстанымым, мен ультиматум қоятындармен сөйлеспеймін", - деді Зеленский.

Оның айтуынша, Ресейдің келісімге келейік дегені кезекті ойын ғана. "Олар арадағы жанжалды тоқтатуға бар жанын салып, ортақ келісімге келуге, келіссөздерді жүргізуге талпыныс жасамайды. Артынша қайтадан күшейіп, алға жылжиды", - деді Зеленский.

Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрі Лавров "Ресей келіссөздерден бас тартпайды, бірақ Украина келіссөзді кейінге қалдырса, келісімге келу қиын болатынын" мәлімдеген болатын.

Abai.kz

2 пікір