Қазақстанға Рим Папасы келе жатыр
Рим Папасы Франциск 13 қыркүйекте әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға үш күндік сапары басталатынын хабарлады.
«Бұл көптеген дін өкілдерімен кездесуге және біздің әлем аңсаған бейбітшілікке деген ортақ ұмтылыс негізінде диалог жүргізуге мүмкіндік болады», - деді ол.
ҚР Сыртқы істер министрлігі көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменовтың айтуынша, биылғы жылы конгреске 50 елден 100-ге жуық қатысушы келеді.
Рим Папасы Франциск сапары барысында Ресейдің Украинаға басып кіруін ақтауға тырысқан Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесуге үміттенді. Алайда Орыс православие шіркеуінің басшысы конфессияаралық кездесуге қатысудан бас тартты.
Abai.kz