Сәрсенбі, 9 Қазан 2024
1607 0 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 14:12

Бекболат Тілеухан басшылық қызметтен кетті

Бекболат Тілеухан Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы қызметінен кетті. Оның орнына кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов тағайындалды.

Исламбек Салжанов - қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. Ол1969 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылында дүниеге келген. Алғашқы мамандығы – хирург.

Кейін 1993-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы нарық институтын  "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2003-2005 жылдары РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясынан "Маркетинг және сатуды басқару" мамандығы бойынша МВА дипломы алып шығады. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінен білім алған.

Қазіргі күні "Алтын Қыран" компаниялар тобының бас директоры және "Altyn Kyran" Халықаралық қайырымдылық қорының президенті.

 

Abai.kz

0 пікір