Сенбі, 23 Қараша 2024
1299 0 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 14:45

Алматы: Жатақхана мәселесі 2025 жылы шешіледі

Алматы жатақханаларындағы орын тапшылығы мәселесі 2025 жылға қарай біржола шешімін табады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты.

"Бүгінгі таңда студенттік жатақханалар мен қолжетімді бағада жалға берілетін тұрғын үйлердің жетіспеушілігі өте өзекті мәселеге айналды. Жатақханаларда 32 мыңнан астам орын жетіспейді. Әкімдік оқу орындарына көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдауда... 2023-2025 жылдар аралығында 12 мың адамға арналған студенттік жатақханалар салынады, ал 2030 жылға қарай оларға тағы 20 мың орын қосылады. ",-деді Қырықбаев.

Сонымен қатар, ол 2023 жылдан бастап ленд-лордтар мен ко-ливингтер қағидаты бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру бағдарламалары іске қосылатынын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543