Жұма, 18 Сәуір 2025
1560 1 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 13:40

Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы елге қайтарылды

Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми телеграм арнасы.

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович іздеуде болды.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1984
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4835
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4012