Сенбі, 16 Мамыр 2026
2342 1 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 14:00

Армения ҰҚШҰ-дан көмек сұрайды

Армения Әзірбайжанмен шекарадағы жағдайдың ушығуына байланысты ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрамақ. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты.

"Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін қолдана отырып, ресми түрде Ресей Федерациясына жүгіну туралы шешім қабылданды. Сондай - ақ, Арменияның егемен аумағына жасалған агрессияға байланысты ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үндеу жарияланады",-деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Бұған дейін армян билігі Әзірбайжан әскерлері Армения аумағына оқ жаудырды деп мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан ҰҚШҰ құрамына кіреді. Ұйымның мақсаты – шартқа қатысушы елдердің біріне шабуыл жасалған жағдайда әскери көмекті көрсету.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2784
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894