Сейсенбі, 8 Сәуір 2025
2343 3 пікір 16 Қыркүйек, 2022 сағат 14:07

АҚШ Рамзан Қадыровтың отбасына санкция салды

АҚШ SDN санкция тізіміне 44 жеке және 32 заңды тұлғаны енгізді.

Оның ішінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров пен оның отбасы, Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі, экономист Максим Орешкин мен балалар омбудсмені Мария Львова-Белова бар. Қадыровқа осымен үшінші рет, оның туыстарына екінші рет санкция салынып отыр.

Атап айтсақ, Қаржы министрлігінің санкциялар тізіміне Қадыровтың жұбайы Медни, «екінші» және «үшінші» әйелі Фатима Хазуева мен Аминат Ахмадова, балалары Айшат, Карина Хадижат, Табарик кірген.

Бұдан бұрын АҚШ Қадыровқа адам құқықтарын бұзды деген айып таққан болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1590
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4314
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3226