Бейсенбі, 15 Қазан 2026
2592 0 пікір 19 Қыркүйек, 2022 сағат 13:07

Қырғыз-Тәжік қақтығысы: 100-ге жуық адам қаза тапты

Екі ел арасындағы қақтығыс 14 қыркүйектен 16 қыркүйекке дейін жалғасты, деп жазды Inbusiness.kz.

Екі елдің үкіметтерінің жексенбілік мәлімдемесіне сүйенсек, қақтығыс құрбандарының жалпы саны 94-ке жетті. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысындағы қақтығыс нәтижесінде 59 адам қаза тауып, тағы 144 адам жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі тәжік тарапынан зардап шеккендердің санын бірінші рет атады. Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында 35 қаза тапқан және 25 жараланған тәжік азаматтары туралы хабарланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 999
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1347