Сенбі, 23 Қараша 2024
1422 1 пікір 19 Қыркүйек, 2022 сағат 13:49

Бүгін Қырғызстанда аза тұту күні

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 19 қыркүйекті Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков мәлімдеді.

“Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 2022 жылдың 19 қыркүйегін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды”, – деді Орынбеков.

Сондай-ақ, ол 14-17 қыркүйекте Баткен облысындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде орын алған қарулы қақтығыс Қырғыз Республикасы азаматтарының өліміне әкелгенін айтты.

«Қайтыс болғандарға қайғырып, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып: 2022 жылғы 19 қыркүйекті Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жарияланды; бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күнінде, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай ілінген деңгейге дейін түсірілсін; мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күні ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды», - делінген Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан 36 қырғызстандық қаза тапты.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434