Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2964 9 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 17:18

Президент сайлауы 20-қарашаға қойылды

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы қарашаның жиырмасына белгіленді. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.

Президент қаулысында:

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын;

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін;

Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған.

Аумалы-төкпелі заманда Қазақстан халқы өз президентін тез арада сайлап, оның өкілеттілігін бекітіп алуы тиіс. Онымен бірге, президенттік сайлауға түсер басқа үміткерлерге де жеткілікті уақыт берілді.

Ақордада қызмет ететін DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, қарашаның 20-сы ең оптималды уақыт.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394