Сенбі, 23 Қараша 2024
2128 1 пікір 23 Қыркүйек, 2022 сағат 13:52

Ресейден келген автокөліктер саны үш күнде 20%-ға өсті

21 қыркүйектен бастап Қазақстанға Ресейден келген автокөліктер ағыны 20%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті. 

"2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап  Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан келген жеңіл автокөлік құралдарының саны 20% - ға өсті", - делінген хабарлама.

Комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстан-Ресей шекарасында жеңіл автокөліктердің кептелісі байқалады, әсіресе Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатты кептеліс болып жатыр.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Ресейде жартылай мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға келгісі келетін Ресей азаматтарының саны күрт көбейді. 23 қыркүйекте ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекарадағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371