Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
1963 1 пікір 23 Қыркүйек, 2022 сағат 14:16

"Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасынан алынады

Оқу-ағарту министрлігінің "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының күшін жою туралы бұйрығы қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжат Ашық НҚА сайтында 5 қазанға дейін талқыланады.

2022 жылдың ақпан айында министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті бағдарламадан алып тастап, факультативтік пәндер санатына көшіру жобасын енгізгенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында «Өзін-өзі тану» пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді.

 

Abai.kz

1 пікір