Сенбі, 23 Қараша 2024
1827 0 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 14:48

Ташкент қонақ үйлері: "Ресейліктер қаптап кетті"

Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін шетелдерде, оның ішінде Өзбекстанға ағылған орыс азаматтарының көптігінен Ташкенттегі мейрамханаларда бос орын қалмаған. Бұл туралы Озодлик хабарлады.

"Қаладағы қонақ үйлердің бағасы бірден қымбаттап кетті. Көбінде бос орын жоқ. Біздегі бөлмелердің бәрін қыркүйектегің соңына дейін алып қойды", - деді "Ташкент" қонақ үйінің қызметкері.

Өзбекстандық блогер және қоғамдық белсенді Азиза Умарова Facebook парақшасына ресейліктер көшінен Ташкенттегі пәтерлер мен жатақханалардың бағасы бірден қымбаттағанын жазды.

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін еліне қанша орыс азаматы келгені бойынша мәлімет бермеді. Әлеуметтік желі қолданушылары ресейліктер ағымын бақылауға алуды және оларға нақты ережелер енгізу қажеттігін жаза бастады.

21 қыркүйекте Владимир Путин Ресейде жартылай әскери мобилизация жарияланғаннан кейін қысқа уақыт ішінде орыс азаматтары визасыз елдерге жаппай кете бастады.

22 қыркүйекте Мәскеу-Ташкент рейсіне әуе билет бағасы 9 мың долларға дейін қымбаттағаны хабарланған.

"Егер Ташкентке "Внуково" әуежайынан ұшам десеңіз, билеттер 603 050 рубль болады. Билет іздеп жүргендер өте көп. Маған 200-ден астам адам телефон соқты", - деді Ресейде әуе билетін сататын кәсіпкер Фарход Темиртирнаков.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371