Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1782 4 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 14:50

Қанды қаңтар: 1.5 мың адамға рақымшылық жарияланбақ

Қазақстан бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық қудалауға ұшырағандарға амнистия жариялау туралы заң жобасы аясында әзірленген құжатты қоғам талқысына шығарды. Құжат 23 қыркүйекте "Ашық нормативтік-құқықтық құжаттар" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 1,5 мыңнан астам адам амнистияға ілінуі мүмкін. Атап айтқанда, 383 күдікті, 391 қылмыстық іс бойынша айыпталушы, сот үкімі шығып қойған 102 адам, бұған қоса, 1035 сотталушы, оның ішінде түрме жазасын алған 93 адам, бас бостандықты айыру жазасымен байланысты емес сотталған 930 адам, қоғамдық жұмысқа жегілген 9 адам, айыппұл салынған үш адам рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Прокуратура жеңіл және орташа ауыр қылмыс жасағандардың барлығын қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды ұсынады. Ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасап, сонысын мойындағандардың жазасын қысқартуды ұсынды.

Құжатқа сәйкес, рақымшылықтың "мемлекетке сатқындық жасау, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптаумен байланысты" қылмыс жасағандарға қатысы жоқ. Құжатты талқылау 14 қазанға дейін жалғасады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 677
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2667
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1713