Сенбі, 23 Қараша 2024
Үшбу хат 10776 5 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 14:00

Ауыл мұғалімінің министрге үшбу хаты

Құрметті Асхат Аймағанбетов мырза!

Мен ауылдық мектепте тәрбие орынбасары болып жұмыс жасаймын. Еңбек өтілім 10 жылдан асты. Тәрбие саласында жүргеніме 1 жылдың көлемі болды. Тәрбие орынбасары ретінде мен баланың тәрбиесін алдынғы қатарға қоямын. Себебі мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру!

Аяқ асты тапталатын, қоғамда тек сөзбен болмаса, іс-жүзінде еш беделі жоқ мұғалімнің дәрежесін елеп жатқан ешкім жоқтығына өзіміз куәміз. Беделіміз тек бала мен ата-ана алдында емес, әріптестер алдында да жоқ.

Атақты ойшыл әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деген екен.

Ал енді осының бәрі тек әншейін сөз болып қалды, менің жұмысымның көрсеткіші әлуметтік желі оның ішінде ватсап, инстаграмм, фэйсбук, одан қалды қағаз жүзінде осының дәлелі хаттамасы, оның анықтамасы, түрлі-түсті суреті мен переплеттелген болуы керек. Осылар шарт па? Мен осы жоғарыда аталғандарды орындауым үшін барлық уақытымды қағазға сарп етемін, одан қалды барлық қағаз үшін өз қалтамнан ақшамды жұмсауым керек. Сонда мен не үшін бұлай жасауым керек деген ой да мазалайды.

Айта берсе шешімін таппай отырған мәселе өте көп. Қағаздан соң мұғалімнің жеке уақыты жөнінде (оның да бала-шағасы, шаруасы, отбасы бар), бірақ, кешкілік кезекшілік рейдке шығару мәселесі болып отыр. Аяқ асты тапталған намыс пен бедел осының бәрін орындайтын осы мәселенің нүктесін қоятын сіз. Намысы аяқ асты болған ұстаздың алдында отырған балада не намыс, не ар болады. Бала-шағамды асыраймын деп тер төккен ұстаздар саны аз екенін білеміз, бірақ, «жаным арымның садағасы» демекші, намысты, арлы ұстаздар саны кеміп кетпесін.

Мектеп қабырғасында жүріп жүкті болатын қыздарымыз үшін не себепті мұғалім жауап беруі керек. Өз-өзіне қол жұмсайтын бала үшін де дәл солай. Осындай проблемаларды көре отырып, орамал мәселесі де шешілмеді.

Мұғалімнің мәртебесін көтереміз деп жұртқа жар салғанымен, іс жүзінде бұл да тек сөз боп қалды, әліппеден басқа шешімін тапқан мәселелер бар ма деген ой да келеді.

Құрметті Асхат Қанатұлы!

Сізден өтініп сұрарайтыным, еліміздің бас ұстазы ретінде осы мәселелерді шешуге көмектесіңіз. Бізді толғандырып отырған мәселерлер оң шешімін табады деп үміттемін. Рухы биік, арлы намысты, елінің болашағын ойлайтын бала тәрбиелеуіме мүмкіндік беріңіз. Өзгенің баласына өз баламдай тілек тілеп, өз баламдай жанашыр ретінде қарайтыныма Алланың алдында сөз беремін.

Мейірхан Ділжанов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434