Шәріпхан Қайсар. Ресей шетелдік орыстілді БАҚ-тарға қолдау көрсетпек
РФ президенті В.Путин басқа елдердегі орыстілді БАҚ-тарды дамытуға Үкіметке тапсырма жүктеді. Бұл туралы «Известия» қуана хабарлады.
Биыл орыстілді БАҚ-ты қолдауға ресейлік бюджеттен 70,4 млрд. рубль бөлінген. Сондай-ақ, бұл қаржының бір бөлігі «Русский язык» атты арнайы федералдық бағдарламаны жүзеге асыру үшін мақсатында жұмсалмақ.
Оның басты мақсаты - шет елдердегі орыстілділерге демеушілік жасау. 2013 жылы бұл бағдарламаға тағы да 500 млн. рубль бөлуді жоспарлап отыр. Ал, оның қанша пайызы шет елдердегі орыстілді БАҚ-қа жұмсалатыны беймәлім. Егер Қазақстандағы славяндарды былай қойғанда, қыруар орыстілді БАҚ-тарды алсақ және орыстілді қаптаған қазақты алсақ, оларды Ресей қалай қолдамақ және не үшін деген сұрақ туады. Мұның бәрі Қазақстанға көрсетілген кезекті құқай екені байқалады.
Әлде шынымен де орыс тілінің шекарасын кеңетей түспек пе? Бізде онсыз да билік дәлізінде қазақ тіліне орын жоқ емес пе?!
ABAI.KZ