Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды аяусыз жазалау керегін айтқан прокурордың қызметі өсті
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандарды балағаттап, аямай жазалау керегін айтқан прокурордың қызметі жоғарылады. Бұл туралы @kozachkow телеграм арнасы жазды.
«Қаңтар оқиғасынан кейін өзінің қол астындағы қызметкерлерге «ұсталғандарға не істеу керегін» түсіндірген Алматы облысы Ұйғыр ауданының прокурорының дыбыс жазбасы шықты. Естеріңізде ме? Сол Арман Орманов Теміртау қаласының прокуроры атанды. Іс жүзінде оның қызметі өсті»,-деп жазды журналист.
Abai.kz