Елімізде бір тәулікте 51 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны арта бастады. Министрліктің дерегі бойынша, өткен тәулікте 51 адам коронавирус жұқтырып, 2 адам аурудан айыққан.
Қарашаның 2-сі күні қауіпті вирусты 35 адам жұқтырса, 3-і күні 49 адам жұқтырған болатын.
4 қарашадағы мәлімет бойынша, 735 адам коронавирус инфекциясынан (–590+ және 145 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 79 пациент стационарда, 656 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Сондай-ақ 4 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 10 843 720 адам, II компонентін 10 606 256 адам салд ырған. Ревакцинацияланғандар саны – 5 619 798.
Abai.kz