Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1748 0 пікір 4 Қараша, 2022 сағат 13:42

Мәншүк Мәметованың бейнесімен коллекциялық монеталар шығарылды

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай "MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL" коллекциялық монеталары шығарылды, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық Банкі баспасөз қызметі.

Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – КСРО Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін «1922» және «2022» деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде «Кеңес Одағының Батыры» деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 данада.

 

Abai.kz

0 пікір