Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1594 5 пікір 10 Қараша, 2022 сағат 14:43

Мәжіліс депутаты: "Ел заңын сыйламайтын "Арселор Миттал"-дың иесі ауыссын"

Мәжіліс депутаты "Арселор Миттал" компаниясының  иесін ауыстыруды ұсынды. Депутат Юрий Жулин аталған ұсынысты премьер-министр Әлихан Смаиловқа жолдады.

Оның айтуынша, "Арселор Миттал Теміртаудағы" тексеру барысында жүздеген, тіпті мыңдаған заң бұзулышылықтар анықталмақ.

«Біздің еліміз, азаматтарымыз ол инверторға қарыз емес. Иә, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ол  Карметкомбинатты және шахталарды иелігіне алып, жұмысын жүргізіп отырды. Бірақ ол модернизациялаудан, әлеуметтік міндеттемелерден, жұмысшылардың жалақысынан қаржы үнемдеу арқылы, қазіргі күні миллиардтаған доллор табыс тауып, сол кезде салған инвестициясын толық қайтарып алды.

Металлургтар мен шахтерлар 50 жасына дейін лайықты зейнетақы қорын жинай алмаса, бұл неғылған жалақы? Болған апатқа қатысты тергеу аяқталғанша компанияның топ-менеджерлерінен  ешқайда кетпеу туралы қолхат алыну керек. Олар бүкіл жауапкершілікті өз мойнымен көтерсін. Қатардағы менеджерлер мен жұмысшыларға барлық кінәны арта салуды қою керек», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, еліміздің заңын сыйламайтын, мойнына алған жауапкершілікті орындамайтын «Арселор Миттал»-дың иесін ауыстыруға Үкімет шындап кірісуі керек.

 

Abai.kz

5 пікір