Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1301 0 пікір 11 Қараша, 2022 сағат 12:44

«Барахолкадағы» өрт өшірілді

Алматыдағы «Барахолка» базарындағы қоймалардың бірінде шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Сағат 12.13 – те өрт басылды, өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулады",-деп жауап берді ТЖД баспасөз қызметі.

Өртке оранған аумақты құрқару үшін өрт сөндіру автопоезы жөнелтілген. Сондай-ақ 25 бірлік техника мен 86 адам жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең «Барахолка» базары аумағында өрт шыққаны хабарланған болатын.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.

Abai.kz

0 пікір