Абай Құнанбайұлы. Біз құлшылықты кім үшін істейміз?
Абай артық мінез, өтірік дінді бала жасынан-ақ мазақтаушы еді.
Абайдың Семей медресесінде оқып жүрген кезі. Бір жылы жазды күні Құнанбай Семейдегі бір имамды шақырып әкеп, қонақ қылды. Елге дін туралы өсиет айтқызып, құшыр-зекет сияқты көп қайыр-садақаларды әлгі имамға жинап беріп жатты. Имамға арнап ауылдан оңаша бір ақ үйді тіккізіп, ол үйде имам мен екеуі ғана болатын болды. Ауыл-аймағына: - Имамның үйіне дәретсіз ешкім кірмесін! - деп жарлық берді.
Бір күні таңертең шай ішіп отырғанда Абай сол үйге сәлем беріп кіріп келеді. Құнанбай баласының дәретсіз, рұқсатсыз кіріп келгенін жаратпай баласына ұрсады. Сонда Абай:
- Менің имамнан сұрайтын бір ауыз сұрағым бар еді, рұқсат болса? - депті. Имам:
- Сұра? - депті.
Сонда Абай:
- Біз құлшылықты кім үшін істейміз? - депті.
Имам:
- Әрине, жаратушы бір Құдай үшін, - депті.
- Тақсыр, ол жаратушы Алла Тағалла тыста ма, жоқ, осы үйдің ғана ішінде ме? Біздің тысқарыда, өз үйімізде дәретсіз қалай отырып-жүруге правалы болып, бұл үйге ғана дәретсіз кірмейтініміз қалай? - депті. Сонда Құнанбай ашуланып, баласын қуып шығыпты. Соңынан Имам: - Құнанбай, мына балаң, жанып тұрған от екен, келген жерінің қиынын-ай! - депті.

Ш.629 №4 (ОҒК). Абай туралы өміріне, ақындығына байланысты әңгімелер (Абайдың ертегісі). Айтушы: Мұхаметжанов Оразғали (Абайдың туысқаны), Жинаған: Қасиманов Садық, 1941 ж. (261 б.)
Қолжазбадан дайындаған: Нұржұма Орысбай, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері
«Бабалар» сөзі көп томдығы материалдары