Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1445 0 пікір 14 Қараша, 2022 сағат 11:48

Ыстамбұлда жарылыс жасады деген күдікті ұсталды

Кеше Ыстамбұл көшесінде жарылыс жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу хабарлады.

Сулейман Сойлу күдіктіні қаланың Полиция басқармасының қызметкерлері ұстағанын мәлім етті.

Сондай-ақ Сойлу билікте Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдерінің шабуылға қатысқаны туралы дәлелдер бар екенін де жеткізді.

Еске салсақ, кеше Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Жарылыстан 6 адам қаза тауып, 81 адам зардап шекті.

ҚР Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді. Сондай-ақ, зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ.

Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.

 

Abai.kz

0 пікір