Сенбі, 16 Мамыр 2026
1883 0 пікір 15 Қараша, 2022 сағат 12:29

Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындысы 23 қарашада шығады

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары 23 қарашада жарияланады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты.

«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газ апаты болып, 5 кенші қаза тапты. Тағы төртеуі жарақаттанып, ауруханаға түсті. ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиі қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2787
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894