Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2062 3 пікір 15 Қараша, 2022 сағат 13:35

Мұхтар Шаханов: "Керек десе, халықаралық сотқа беремін"

Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтып, видео жолдады.

“Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім бәрі тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Өйткен себебі, менің әйелім Ханшайым бар кезде мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын.

Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін”,- деді видеода Шаханов.

Айта кетейік, “Мұхтар Шахановты қарттар үйіне тапсырыпты” деген жалған ақпарат тараған болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113