Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1180 4 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 11:57

Министрлердің жалақысы қанша?

«Министрлердің жалақысы қанша?» деген журналистердің сұрағына Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді.

«Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. Шамамен 500-600 мың теңгеден басталады деп ойлаймын. Ал ең жоғары жалақы еңбек тәжірибесіне байланысты, 1,5-1,7 миллион теңгеге жетіп қалады»,-деді министр. Ерұлан Жамаубаев өзінің 1,5 миллион теңге айлық алатынын айтты, дегенмен ол премьер-министр Әлихан Смайыловтың жалақысын атамады.

«Мен өзім жалақымды айттым, өзіме жауап беремін»,-деді ол.

 

Abai.kz

4 пікір