Қазақстан: 147 адамда 20-дан астам пәтер бар
147 қазақстандықтың әрқайсында 20-дан астам пәтер бар. Бұл туралы "Отбасы Банкі" Басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда басында екі пәтері бар – 607 мың адам, үш жылжымайтын мүлкі бар – 84 394 адам, төрт жылжымайтын мүлкі бар – 16 509 адам, бес жылжымайтын мүлкі бар – 4823 адам, алты жылжымайтын мүлкі бар – 1935 адам, жеті жылжымайтын мүлкі бар – 942 адам тіркелген.
Басында тек бір баспанасы бар қазақстандықтардың саны — 5,6 млн.
"Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметі бойынша, 2021 жылдың соңында 6,3 миллион адамда баспана бар. Егер бізде шамамен 10 миллион экономикалық белсенді халық болса, оның 60 пайызы іс жүзінде үй иелері болып табылады", - деді Ләззат Ибрагимова.
Abai.kz