Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 1876 6 пікір 17 Қараша, 2022 сағат 15:01

Бізге жеңіл көлік емес, ауыл шаруашылық техникалары керек

Алматыда жеңіл көлік өндіретін (қысқасы құрастыратын) қытайлық зауыт президент Тоқаевтың лентасын қиюмен өз жұмысын бүгін бастапты. Ақпаратқа сенсек, қытайлық көліктер өндіріліп нарыққа шыққаннан кейін көлік арзандай бастайды екен. Біздің халықтың көбі шетелден келетін жаңасы мен ескісін шама-шарқыларына қарай сатып алып мініп жүр. Соңғы жылдары көліктің қымбаттағаны рас, жалғыз көлік қымбаттаған жоқ, құрылыс материалдары, киім-кешек, азық-түлік бәрі, бәрі қымбаттап кетті...

Қазір біздің елде ең қажетті, жетіспейтін қандай техника? Бірден айтайын ол – ауыл шаруашылық техникалары. Біздің елге шетелден келіп жатқан ауыл шаруашылық техникалары бар, өкінішке орай өте қымбат. Қолжетімсіз, оны қарапайым шаруалар сатып ала алмайды. Банктен несие алып сатып алмақшы болып құжат жинап ары-бері жүгірді. Бірақ банк оңай-оспақ қаржы бере салмайды. Бірнеше шартты алдыңа жайып салады, кепілдік сұрайды. Банктің талабын орындау қарапайым шаруаларға жеңіл түспейді. Содан амалсыз күдер үзіп ауылына қайтады.

Менің айтайын дегенім, жеңіл көлік өндіргенше ауыл шаруашылығына қажетті техникаларды шығарса тиімді болар ма еді? Біздің үкімет ауыл шаруашылығын дамыту үшін арнайы бағдарламалар жасап, саясат жүргізіп отырғаны рас. Оған көз жұма алмаймыз. Қаржы да бөліп жатыр, бірақ ірі фермерлер болмаса, орта, шағын шаруа қожалықтары ондай көмектен тысқары қалып жататыны бар. Шетелдің техникаларының көбі ірі фермерлерге арналған, ұсақ шаруаларға қолайсыз әрі қымбат. Қытайда шағын шаруаларға арналған  техникалар көп өндіріледі. Егер бізде де шағын ауыл шаруашылық техникаларын көптеп өндіріп, арзан бағада сатылатын болса жақсы болар еді. Оның үстіне шаруалардың банктерден төмен пайызда несие алуына жеңілдіктер берсе ауыл шаруашылығына қан жүгіріп, дихандар мен малшылар шаруашылығын шалқытып, баюдың жолын тапқан болар еді.

Айту бізден, атқару, оны іске асырау сізден үкімет!

 

Әлімжан Әшімұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543