Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1634 3 пікір 22 Қараша, 2022 сағат 12:00

Қазақстанда дизель отыны қымбаттады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, дизель отынының бағасы бір жылдың ішінде 12,5%-ға қымбаттады. Жазғы дизель отыны 1,3%-ға арзандаса, қысқы дизель отыны, керісінше, бірден 30,7%-ға қымбаттады.

Ақтөбе облысында өнім құны бір жылда 27,9%-ға артқан. Абай (+24,6%) және Шығыс Қазақстан (+24,4%) облыстарында да бағаның күрт көтерілуі байқалды.

Бағаның ең аз жылдық өсімі 0,5%-бен Алматы облысында тіркелді. Шымкент, Жамбыл және Жетісу облыстарында баға өткен жылдың қазан айындағы деңгейде қалды. Түркістан облысында дизель отыны 1,8 пайызға арзандады.

 

Abai.kz

3 пікір