«Sapar» мобильді қосымшасы іске қосылмақ
Қазақстандық көлік жүргізушілері мен жолаушыларға арналған «Sapar» мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Қосымша онлайн және офлайн режимде жұмыс істейді.
«Көлік жүргізушілері республикалық маңызы бар жолдармен жүргенде біздің қосымшаны қолдануына болады. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының функциялары бар. Сонымен қатар автожүргізушілер жол-жөнекей оқыс оқиғаға тап болған жағдайда «Sapar» мобильді қосымшасы арқылы бізге хабарлай алады. Яғни болған жайттың мән-жайын жазып, сурет немесе видеоға түсіріп бізге жібереді. Қосымшаның көмегімен қажетті бағытты таңдаған соң, ол жолдың ұзындығы, жол бойындағы ақылы учаскелер, жанар-жағармай құю бекеттері, дәмхана және қонақүйлер туралы ақпарат қолжетімді болады. Одан бөлек, қосымшада ауа райына қатысты мәліметтер мен ескертулер ұсынылады»,- деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының сарапшысы Александр Озарчук елордада өтіп жатқан «Kaztraffic-2022» халықаралық көрмесінің ашылуында.
Оның айтуынша, «Sapar» мобильді қосымшасы әзірге Android қолданушылары үшін ғана қолжетімді. AppStore-да қолданушылары үшін Apple компаниясымен келісім жасалып жатыр.
Abai.kz