Жұма, 22 Қараша 2024
1714 1 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 15:04

Еуропада бір айда газ бағасы 18 пайызға өскен

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша Еуропада газ бағасы қазан айының соңында 18%-ке қымбаттап, 1 мың текше метрі $1 560 болған.

Баға көтерілуінің негізгі факторларының бірі - жылыту маусымының басталуы және ауа райының суытуы.

Егер 31 қазанда газ фьючерстері 1 мың текше метрі $1 246 болса, 30 қарашада сауда 1 558 доллармен аяқталған. Бұл 18%-ке жоғары.

Сонымен қатар, Еуропадағы газдың орташа бағасы қараша айында 1 мың текше метрге шамамен 1 259 долларды, ал қазан айында 1 379 долларды құрады.

Бұл қоймаларды толтыру үшін газға деген сұраныстың жоғарылауы және «Солтүстік ағындардың» зақымдану салдары аясында қазан айының бірінші жартысында газ қымбаттауына байланысты болды.

Қараша айының соңына қарай бағаның өсуінің басты себептерінің бірі - жылыту маусымының басталуы, дегенмен ол тек 14 қарашада басталды.

Қазір Еуропа елдері күн сайын өз қоймаларынан газ алу қарқынын арттырып жатыр.

Сондай-ақ қараша айының соңына қарай Еуроодақта электр энергиясын өндірудегі жел генерациясының орташа үлесі айтарлықтай төмендеді.

Оның төмендеуі тұрмыстық қажеттілік пен өнеркәсіпте газды көбірек пайдалануға әкеледі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315