Жұма, 22 Қараша 2024
2174 1 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 16:43

"Қазақмыс" корпорациясының басшысы ауысты

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Ол компанияны 2006 жылдан бері басқарып келе жатқан Эдуард Огайдың орнына келді.

Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары «Майкубен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусым айында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320