Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3759 0 пікір 12 Тамыз, 2009 сағат 05:46

1-ші жартыжлыдықта Алматы атмосферасының ластану индексі 0,8 бірлікке төмендеді

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – 1-ші жартыжлыдықта Алматы атмосферасының ластану индексі былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 0,8 бірлікке төмендеді, делінген сейсенбі күні әкімдіктің таратқан хабарында.

Таратылған хабарға сәйкес, қоршаған ортаның жағдайына «Қазгидромет» МРК-нің «Алматының гидрометеорология орталығы» ЕМК жасалған анализінің нәтижесі бойынша, атмосфералық ауаның жағдайының көрсеткіші (ИЗА5 – атмосфераның лаустану индексі) биылғы 1-ші жартыжлыдықта былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 0,8 бірлікке төмендеді. Мысалы 2009 жылдың 1-ші жартыжылдығында ИЗА5 көрсеткіші 13,5 болса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 14,3 болған.

«Мамандардың пікірінше, атмосфераның ластану индексінің төмендеуі биылғы сәуір айында бекітілген «Алматыдағы қоршаған ортаның ластануын 2009-2018 жылдар аралығында төмендетудің кешенді бағдарламасы» аясында атқарылған шаралар нәтижесінде мүмкін болды», - делінген баспасөз қыметі таратқан хабарда. 

Атмосфераның негізгі ластаушысы автокөліктер екені белгілі, сондықтан бүгіндері автокөлік шығаратын газдың улылығын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі уақытта, «Таза ауа» айлық операция аясында, қаланың 13 кіре берісінде және қала ішіндегі қозғалыс жүктемелігі ауыр магистралдарда автокөлік шығаратын түтін мен оның улылығын бақылайтын қозғалмалы бекеттер жұмыс істейді.

Құжатқа сәйкес, қала билігі бірқатар ауа ластағыштардың жұмысын, жанар май бекеттерінде автокөліктерге құйылатын жанар майлардың сапасын, негізгі автотрассалардың бойындағы ауаның жағдайына бақылау жүргізіп отыр. Оған қоса бүгіндері көптеген жүргізушілер биоотынға да көшіп жатыр.

Алматыда қоршаған ортаның ластануын төмендету бағдарламасы аясында автокөліктер шығаратын түтіндерді залалсыздандыратын католизаторлар сынақтан өтіп, және ауаны биофизикалық тәсілмен тазарту тәжірибесі жүргізіліп жатыр.

Бұл ретте автокөліктерге дер кезінде техникалық бақылау жүргізіп тұру да ерекше маңызға ие.

2009 жылдың 5 айында 112 899 автокөлік техникалық тексеруден өткізіліп, олардың 3822-сы техтексеруден жіберілмеген, олардың 16 326 көлігі заңды тұлғалардың көлігі, пайдалануға жарамсыз деп табылған көліктер саны – 502 (3,1%); жолаушылар тасымалдайтын көліктер – 2940, олардың 190-ны жарамсыз(6,46%); жеке тұлғалардың көліктерінен -969663, жарамсыздары - 3320 (3,4%).

Одан басқа өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары шығарылған 20 мың көлік техтексерістен өтпеді.

Пайдаланыстан 23 822 автокөлікті шығару автомобильдерден шығарылатын жалпы зиянды заттарды 8,6 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді, ал бұл ауа ластағыштардың барлығының 4,5 % құрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076