Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1532 3 пікір 6 Желтоқсан, 2022 сағат 14:19

Үрімші, Бейжің, Шанхайда карантин жеңілдейді

Үрімшіде карантиндік шектеулер жеңілдейді. Үрімшіден басқа Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Чунцин және Чэнду қалалары шектеулерді жеңілдетті. Елдегі коронавируспен күреске қатысты саясатты оңтайландыру жалғасып жатыр.

"5 желтоқсанда Үрімші билігі әдеттегі індеттің алдын алу шараларына көшкенін хабарлады. Енді тұрғындардан тұрғын үйлерге, қоғамдық орындарға кірер алдында немесе қоғамдық көлікке міну алдында ПТР тестінің теріс нәтижесін көрсету немесе мәліметтерді беру талап етілмейді", - деп жазады Global Times.

Қаладағы ірі сауда орталықтарында, аудандарда және басқа да көлік қозғалысы көп коммерциялық нысандарда сынақ пункттері ашылды. Тұрғындар өз еркімен тест тапсыра алады. Сонымен қатар тұрғындар ыстық түсіретін, жөтелге, вирусқа қарсы дәрілерді және антибиотиктерді интернетте немесе дәріханада сатып алғанда жеке мәліметтерін ұсынбайтын болды.

Abai.kz

3 пікір