Жұма, 15 Мамыр 2026
2447 1 пікір 6 Желтоқсан, 2022 сағат 14:39

Ресейде шошқа тұмауы өршіп тұр

Мамандар Ресейдің 74 аймағында шошқа тұмауы тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Роспотребнадзордың баспасөз қызметі хабарлады. Ресейде тұмау вирусының анықталған нұсқаларының ішінде шошқа тұмауы басым екені көрсетілген.

«Тұмау вирустары табылғандардың арасында Ресейдің 74 субъектісінде шошқа тұмауы деп аталатын A (H1N1)-2009 штаммы басым», - деп хабарлайды RT агенттігі. Сондай-ақ тұмаумен сырқаттанушылық өткен аптамен салыстырғанда 18,5%-ға өскені атап өтілді.

Қарашаның ортасында Роспотребнадзор Ресей Федерациясында тұмау вирусының үш қауіпті нұсқасының белсенділігінің артуы туралы ескерткен еді. A (H1N1) 2009, A (H3N2) және B нұсқалары Ресейде кең тарап жатқанын мәлімдеген болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2739
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858