Сенбі, 23 Қараша 2024
1719 2 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 13:04

Министр: "Бүкіл елдің наразылығын тудырып отыр"

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев "Арселор Миттал Теміртау" металлургия комбинатының кокс-химия өндірісіндегі жұмысшының қазасына қатысты пікір білдірді.

"Қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бейбіт күнде жұмысқа барып, қаза табу деген – қорқынышты трагедия. Бұл бүкіл қазақстандықтардың наразылығын тудырып отыр деп ойлаймын.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет барлық бағыттар бойынша бір емес, бірнеше комиссия құрды. Жақын арада нәтиже болады деп ойлаймын. Тек жеке қызметкерлердің ғана емес, бүкіл компанияның жауапкершілігі туралы мәселе туындап отыр. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшыларына қатысты қатаң шешім қабылдануда. Компанияның Қазақстанда жұмыс істеу, істемеуі белгісіз. Біз мұны қарастырып жатырмыз", - деді ол.

Айта кетейік бүгін "Арселор Миттал Теміртау" металлургия комбинатының кокс-химия өндірісіндегі апаттан 1982 жылы туған жұмысшы қаза тапты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387