Сейсенбі, 8 Қазан 2024
1291 0 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 13:46

Бір жылда пәтер бағасы 26,9%-ға қымбаттады

Бір жылда екінші нарықтағы және жаңадан салынған үйлер 26,9% дейін қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Бір жылда (2022 жылғы қараша – 2021 жылғы қараша аралығында) пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 17,3% өсті.

Биылғы қарашада пәтерді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 48,6% артты.

Өңірлер бойынша: бір жылда жаңа үйлер Ақтөбеде – 30,3%, Семейде – 26,9%, Ақтауда 25% қымбаттады. Екінші нарықтағы үйлер Талдықорғанда – 44,6%, Ақтауда – 43,3%, Семейде – 42,8%, Ақтөбеде – 42,4%, Астанада – 41,7%, Қызылордада 41,2% өсті. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында бағалар ең көп Алматы (76,6%), Қарағанды (55,7%) және Қостанай қалаларында (54,5%) өсті.

Ал бір айдағы статистикаға жүгінсек (2022 жылғы қараша 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда), екінші нарықтағы баспананы қайта сату бағасы – 1%, жаңа тұрғын үйлер 1,2% қымбаттады. Пәтерді жалға алу алдыңғы аймен салыстырғанда, керісінше 2,4% төмендеді.

 

Abai.kz

0 пікір