Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
2128 1 пікір 13 Желтоқсан, 2022 сағат 13:45

"Кемпірабад ісі": белсенділерді қамау мерзімі ұзартылды

Қырғыз белсенділері Чынгыз Капаров, Ильгиз Шаменов, Айданбек Акматов және Акыл Айтбаев Бішкектің N 1 тергеу абақтысына қамау мерзімі 2023 жылдың 20 ақпанына дейін созылады. Осылай деп Бірінші май аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

9 желтоқсанда саясаткерлер Азимбек Бекназаров пен Орозайым Нарматованың қамау мерзімі ұзартылған.

Биыл 22 қазанда Кемпірабад су қоймасын қорғау бойынша қоғамдық комиссия құрылған. Олар бұл аумақты Өзбекстанға беруге қарсы болған.

23 қазанда Бішкекте белсенділерді жаппай ұстау басталды. Барлығы 26 адам жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған. Олардың арасында саясаткерлер, журналистер, блогерлерлер және қоғам белсенділері бар.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1119
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1043