Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
46 - сөз 2572 4 пікір 13 Желтоқсан, 2022 сағат 14:01

Фридерих Ницшеның ой орамдарынан үзінді

Мен сенің өзімді алдағаның үшін емес, саған енді қайтып сенім арта алмайтыным үшін қынжыламын.

Адам өзінің не себепті өмір сүріп жүргенін білген кезде, қандай тауқымет болса да көнеді.

Адам өміріндегі ауыр кезең - өзгелердің сені түсінбеген сәті емес, өзіңді өзің түсінбеген сәтің.

Батыратын тереңдігі болмаса, көл бетінің әсемдігі жоқ.

Етектен, төбеден емес, ортан белінен қарағанда ғана дүние сұлу көрінеді.

Үнемі өзі жайында айтатын адамның бір тырнағы ішінде.

Мен іздей-іздей жалыққанда, калай табуды үйрендім.

Мен әлемді жазып болдым, енді әлем мені жазсын.

Біздің жүрісіміз тым суыт, аялдап артта қалған рухымызды күтейік.

Тәңір бар делік, мен өзімнің Тәңір болмағаныма қалай төзем, сол үшін де тәңір жоқ.

Ақиқат жоқ, түсіндірмесі ғана бар.

Христиан діні дегендегі "дін" сөзі дұрыс емес, христианның бір ғана мүриті болған, оның өзі крестке шегеленіп өлген.

 

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 992
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2541
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 697
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 668