Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2692 9 пікір 13 Желтоқсан, 2022 сағат 14:38

Абайлаңдар! Алматыда агент жүр

Украина Қазақстанға қарсы жұмыс істеп жүрген агентті әшкере қылды.

Украинаның «Ищи своих» деп аталатын ютуб каналының журналистері Ресейдің импершіл мүддесін күйттеп жүрген қазақстандық блогер Антон Бударовтың құпиясын ашты. Ол Алматы қаласында тұрады, Грузия мен Қазақстанға қарсы пропагандамен шұғылданып жүр екен. Өзінің «жемісті жұмысының» есебін жыл сайын, қараша айында Бударов Санкт-Петербургке барып, ФСБ-ға беріп келеді. Украина журналистері Бударовтың қай кезде, қандай ұшақпен ұшқаны жөніндегі мәліметті түгел жариялады. Журналистердің ойынша, Қазақстан азаматы Бударов Ресейдің арнаулы қызметінің (ФСБ) агенті екен. Мысалы, Бударов былтыр Санкт-Петербургтегі «Москва» қонақүйінің 8067 нөмірінде ФСБ-дағы өзінің кураторымен кездескен.

Бударов биыл да қараша айында Санкт-Перетбургке барып тапсырма алған соң, тура сол жақтан Грузияға өткен (20.11.2022). Қазір ол Грузияда отырып алып Қазақстанға қарсы импершіл пропагандамен шұғылданып жатыр.

Осы ақпаратты оқып алып Украина өзінің ғана емес, Қазақстанның да тәуелсіздігі үшін күресіп жатқанын түсіндім. Ал қазақтар «нестеватрь?» Шошқа тағалап жүр ме?! Эх, бір кем дүние....

 

Ораз Әлімбек

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485