Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
2148 0 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 12:07

ШҚО-да қар көшкіні жүрді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 желтоқсанда сағат 4.20-да минутта республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 62 шақырымында (Алтай ауданының аумағы) қар көшкіні жүрді.

«Көлемі 1170 текше метр болатын екі қар көшкіні жолды жауып қалды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен жол қызметкерлері жолды қардан тазартты», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, ТЖД және Қазселденқорғау ШҚО филиалы азаматтарды өңірдегі көшкін қаупі туралы алдын ала хабардар еткен.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1587
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3200
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1185
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1098