Сенбі, 26 Сәуір 2025
1414 0 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 12:56

26 компания мемлекеттік меншікке өтпек

Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компания мемлекеттік меншікке өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компанияны мемлекеттік меншікке беру процесі жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де күшейтіледі», - деді Жамаубаев.

Ол экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі арнайы комиссия 25 отырыс өткізгенін, оның қорытындысы бойынша бұрын жекешелендірілген және бәсекелестік ортаға берілген объектілерді мемлекеттік меншікке беру үшін іріктеу критерийлері әзірленгенін еске салды. Нәтижесінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және қонақ үй бизнесі салаларындағы акция пакеттері мен АҚ және ЖШС қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік объектілері мен қаражат мемлекеттік меншікке қабылданды. Вице-премьер мемлекет меншігіне барлық мүлік сыйға тарту тәртібімен қабылданатынын, бюджеттен шығын шықпайтынын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2261
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5164
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4445